(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫНДАҒЫ...

Предыдущая страница

2022 жылғы 13 қаңтардағы

№ 3 қаулысына

3-қосымша

 

 

COVID-19 науқасымен байланыста болған адамның және шетелден Қазақстан

Республикасына авиарейстермен келген адамның қолхаты

 

Елді мекен ________________ 2022 жылғы «___» ______

 

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,

                                       (Т.А.Ә. (бар болса))

__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________ төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы _________ № ___ - БМСД қаулысымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру қажеттілігі туралы хабардар етілдім.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігі туралы хабардар етілдім.

Күні: _________

Қолы ___________

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2022 жылғы 13 қаңтардағы

№ 3 қаулысына

4-қосымша

 

 

Басқа елдерден/өңірлерден келген жүргізушілерді (жүк тасымалдаушыларды) тіркеуге арналған

САУАЛНАМА

 

 

Ескертпе: Сауалнама деректері ҚР аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-19) әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша жүргізілетін шаралар шеңберінде тек қызметтік мақсатта пайдаланылады, сауалнама алынатын жолаушы ұсынылған мәліметтер үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу

пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігімен және автоөтпе жолдарымен

келген адамдар үшін қолхат

 

Елді мекен ________________ 2022 жылғы «___» ______

 

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,

                                  (Т.А.Ә. (бар болса))

__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________ төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы _________ № ___- БМСД қаулысымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

Сауалнамада көрсетілген, оның ішінде межелі жерге дейінгі жол жүру маршруты жөніндегі ақпараттың дұрыстығын растаймын. Жол жүру маршрутының өзгеруі және дұрыс емес ақпарат бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардар етілдім.

Температура немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде шет елден келгенім туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру қажеттілігі туралы хабардар етілдім.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігі туралы хабардар етілдім.

 

Күні: _________

Қолы ___________

 

 

Қазақстан Республикасы бойынша екі жақты және транзиттік қатынаспен

халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілерге арналған

НҰСҚАУЛЫҚ

 

ҚҰРМЕТТІ ЖҮРГІЗУШІ!

Санитариялық шаралардың күшеюіне байланысты келесі нұсқауларды орындауыңызды өтінеміз.

1. Қосымшаға сәйкес ұсынылған тұрақтарды, техникалық қызмет көрсету, демалу және тамақтану орындарын қоспағанда, қозғалыс маршрутында елді мекендерге кіруге және тоқтауға жол бермеңіз.

2. Объектілерге кіру және шығу кезінде санитайзер пайдаланыңыз.

3. Объектілерге (қонақ үйлерге, отельдерге) барғанда жеке қорғаныш құралдарын (медициналық маскалар) пайдаланыңыз. Медициналық маска кем дегенде 3 сағатта бір рет ауыстырылады. Бір рет қолданылатын масканы қайта пайдалануға болмайды.

4. Объектілерге барған кезде адамдар арасында кем дегенде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.

5. Санитариялық тораптарға барғаннан кейін жеке гигиена ережелерін сақтаңыз.

6. Денсаулық жағдайыңыз нашарлаған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз.

7. Қажет болған жағдайда ______________ облысы бойынша жол полициясының жедел орталығына мына: ______________ телефондар арқылы хабарласыңыз.

8. Ұсынылған орындарда хаттамаға сәйкес күшейтілген санитариялық қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылады.

УВАЖАЕМЫЙ ВОДИТЕЛЬ!

В связи с усилением санитарных мер, убедительная просьба придерживаться следующей инструкции.

1. По маршруту движения не допускать заезда и остановок в населенные пункты, за исключением рекомендуемых стоянок, технического обслуживания, мест отдыха и питания, согласно приложения.

2. На входе и выходе на объекты использовать санитайзеры.

3. Использовать средства индивидуальной защиты (медицинские маски) при посещении объектов (гостиниц, отелей). Смена медицинских масок проводится не реже 1 раза в 3 часа.

Исключить повторное использование одноразовых масок.

4. Соблюдение социальной дистанции между людьми при посещении объектов не менее 2 метров.

5. Соблюдать правила личной гигиены после посещения санитарных узлов.

6. В случае ухудшения состояния здоровья обратиться за медицинской помощью.

7. При необходимости обращаться в оперативный центр дорожной полиции по __________________ области по телефонам: ___________________.

8. В рекомендованных местах, согласно протоколу, будет осуществляться усиленные меры санитарной безопасности.

 

DEAR DRIVER!

 

Due to the strengthening of sanitary measures, please follow the following instructions.

1. On the route, do not allow entry and stops in settlements, with the exception of recommended parking, maintenance, places of rest and food, according to the application.

2. Use sanitizers at the entrance and exit of objects.

3. Use personal protective equipment (medical masks) when visiting facilities (hotels, hostels). Medical masks are changed at least once every 3 hours. Eliminate the reuse of medical masks.

4. Compliance of social distance between people when visiting objects of at least 2 meters.

5. Follow the rules of personal hygiene after visiting sanitary facilities.

6. Seek medical attention if your health condition worsens.

7. If necessary, contact the operational center of the traffic police in the _______________ region by phone: _____________.

8. In the recommended places, according to the Protocol, enhanced sanitary safety measures will be implemented

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2022 жылғы 13 қазандағы

№ 3 қаулысына

5-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу

пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігімен және автоөтпе жолдарымен келген,

COVID-19-ға зерттеп-қарау нәтижесі оң адамдар үшін қолхат

 

Елді мекен ________________ 2022 жылғы «___» ______

 

Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,

                                    (Т.А.Ә. (бар болса))

 

__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________ төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы _________ № ___ - БМСД қаулысымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.

Температура немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру қажеттілігі туралы хабардар етілдім.

Зерттеп-қараудың оң нәтижесі туралы, межелі жерге келгеннен кейін МСАК ұйымына жүгіну және COVID-19-ға зерттеп-қараудың оң нәтижесі туралы хабарлау қажеттілігі туралы хабардар етілдім.

Сауалнамада көрсетілген, оның ішінде межелі жерге дейінгі жол жүру маршруты жөніндегі ақпараттың дұрыстығын растаймын. Жол жүру маршрутының өзгеруі және дұрыс емес ақпарат бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардар етілдім.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы хабардар етілдім.

ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.

Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігі туралы хабардар етілдім.

 

Күні: _________

Қолы ___________

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2022 жылғы 13 қазандағы

№ 3 қаулысына

6-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз,

өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттеріндегі шектеу шаралары

 

1. Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келген барлық адамдар (бұдан әрі - келген адамдар) (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының болуына қарамастан, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) (бұдан әрі - Анықтама) ұсынуға міндетті. Бұл ретте Анықтама ПТР әдісімен зерттеуге материал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған жағдайда жарамды.

Оларды алып жүретін адамдарда Анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларға; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларына; локомотив бригадаларының мүшелеріне; теміржол, теңіз және өзен көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға Анықтама ұсыну талап етілмейді.

2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік және екі жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасында Анықтаманы көрсетеді.

Анықтама болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша екі жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудан өтеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін материал алынғаннан кейін межелі жеріне дейін маршруты бойынша жол жүруді жалғастырады. Келген адамнан COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесін алған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке іссапарға жіберілген санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты қазіргі уақытта сауалнамада көрсеткен маршрут парағына сәйкес келген адам аумағында болатын облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаментіне береді. Қазіргі уақытта келген адам аумағында болатын санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің маманы денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі - ДСБ) және келген адамға COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесі туралы хабарлайды. ДСБ келген адамды медициналық қарап-тексеруді қамтамасыз етеді, COVID-19 белгілері болған кезде оны инфекциялық стационарға жатқызу қажеттігі туралы шешім қабылдайды. COVID-19 белгілері болмаған кезде оған COVID-19-дың ықтимал белгілері туралы және межелі жерге келгеннен кейін МСАК ұйымына жүгіну және COVID-19-ға зерттеп-қараудың оң нәтижесі туралы хабардар ету қажеттігі туралы түсіндіреді. ДСБ осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаменті және ДСБ келген адамның межелі жеріндегі ДСБ-ға COVID-19-ға зерттеп-қараудың оң нәтижесі бар адамның жол жүргені туралы хабарлайды.

3. Анықтама ұсынған, дене температурасы қалыпты шектегі келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне дейін жол жүруді жалғастырады.

Анықтаманың болуына қарамастан, дене температурасы жоғары келген адамдар инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.

4. Келген адамдарға сауалнама осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

5. Келген Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар (осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін 2 тәулікке карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) маманы жүзеге асырады.

COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижемен келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижесі оң адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.